Logo
Қатыгез шеңберді бұзу Қазақстандағы азаптаумен күресудің көп қырлы тәсілі
Басты бет / Жаңалықтар / ЖОБАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
2026-04-29

ЖОБАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

News Image

(Үшінші тараптарға қаржылық қолдау көрсету – FSTP) Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қазақстандағы азаптаулармен күрестегі тұйық шеңберді бұзу: көпқырлы тәсіл» жобасы аясында

1. Жалпы ақпарат

Осы гранттар конкурсы Талдықорған құқық қорғау орталығы (ТҚҚО) Қазақстандағы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюромен (ҚАХБ) және халықаралық Penal Reform International (PRI) ұйымымен серіктестікте жүзеге асырып жатқан «Қазақстандағы азаптаулармен күрестегі тұйық шеңберді бұзу: көпқырлы тәсіл» жобасы аясында жарияланады.

Аталған конкурс Еуропалық Одақ қаржыландыратын жоба аясында өткізіледі. Осы хабарландырудың мазмұнына толық жауапкершілік жобаны іске асырушы ұйымға жүктеледі және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың ұстанымын білдірмейді.

Жобаның мақсаты – тергеу тиімділігін арттыру, алдын алу тетіктерін нығайту, жәбірленушілерді оңалту және өтемақы жүйесін дамыту, сондай-ақ адвокацияны күшейту арқылы Қазақстандағы азаптауларды жоюға ықпал ету.

2. Конкурстың мақсаты

Конкурстың мақсаты – үкіметтік емес ұйымдарға келесі бағыттар бойынша қаржылық қолдау көрсету:

– азаптау құрбандарына білікті заң көмегін көрсету;

– азаптау құрбандарының психологиялық оңалуын қамтамасыз ету;

– Ұлттық превентивтік механизм (ҰПМ) қатысушыларының әлеуетін оқыту және тренерлерді даярлау (ToT) арқылы нығайту.

3. Конкурсты өткізу мерзімдері

Конкурстың жарияланған күні: 27 сәуір 2026 жыл

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 18 мамыр 2026 жыл

Өтінімдерді бағалау кезеңі: 19 мамыр – 1 маусым 2026 жыл

Нәтижелерді жариялау: 5 маусым 2026 жыл

Ұйымдастырушы мүдделі тараптарды хабардар ете отырып, өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту құқығын өзіне қалдырады.

4. Басым бағыттар (лоттар)

Өтініш берушілер тек бір бағыт бойынша ғана өтінім бере алады:

Лот 1. Азаптау құрбандарына заң көмегін көрсету

Азаптау және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас құрбандарына білікті заң көмегін көрсетуге бағытталған бастамаларды қолдау, оның ішінде құқықтық кеңес беру, сотқа дейінгі тергеу мен сот талқылауы кезеңдерінде өкілдік ету және сүйемелдеу, мамандандырылған заңгерлер мен адвокаттарды тарту, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесін құжаттау және талдау.

Күтілетін нәтижелер / индикаторлар:

– азаптау құрбандарына кемінде 50 заң қызметін көрсету;

– азаптауларды тергеудегі жүйелі мәселелерді анықтау және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру үшін практикалық кейстер базасын қалыптастыру;

– жәбірленушілердің білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, істерді сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы кезеңдерінде сүйемелдеу.

Лот 2. Психологиялық және психиатриялық көмек және оңалту әдістемесін әзірлеу

Азаптау және қатыгез қарым-қатынас құрбандарына психологиялық және психиатриялық көмек көрсетуге бағытталған бастамаларды қолдау, оның ішінде жеке консультациялар өткізу, посттравматикалық күйзеліс бұзылуын (PTSD) бастан өткерген тұлғаларға көмек көрсету, бейінді мамандарды тарту, сондай-ақ оңалтудың практикалық тәсілдерін әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер / индикаторлар:

– азаптау және қатыгез қарым-қатынас құрбандарына, оның ішінде стационарлық оңалту орталығында кемінде 5 психологиялық консультация өткізу;

– азаптау мен қатыгез қарым-қатынасты бастан өткерген тұлғаларға, оның ішінде PTSD бар адамдарға психологиялық және психиатриялық көмек көрсету;

– азаптау мен қатыгез қарым-қатынасты бастан өткерген тұлғаларды, оның ішінде PTSD бар адамдарды оңалту әдістемесін әзірлеу;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық және психоәлеуметтік көмек көрсету хаттамасы ретінде бекіту мәселесін қарастыру үшін енгізуге арналған әдістемелік материалдарды дайындау.

Лот 3. ҰПМ үшін тренерлерді даярлау (ToT)

Ұлттық превентивтік механизм (ҰПМ) үшін тренерлерді даярлау бағдарламаларын өткізуге, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде аймақтық тренерлерді дайындауға және азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу мақсатында жабық мекемелерді мониторингтеу әлеуетін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдау.

Күтілетін нәтижелер / индикаторлар:

– ҰПМ-нің өңірлік қатысушыларын одан әрі оқыту үшін кемінде 22 тренер даярлау;

– өңірлік деңгейде жабық мекемелерді мониторингтеу әлеуетін күшейту;

– ҰПМ бақылаушыларының даярлығы мен жұмысының сапасын арттыру.

5. Қатысу критерийлері

Кім өтінім бере алады:

– Қазақстан Республикасында тіркелген ҮЕҰ;

– келесі салаларда жұмыс тәжірибесі бар ұйымдар:


Қосымша талаптар:

– ұйымдық және кадрлық әлеуеттің болуы;

– осал топтармен жұмыс тәжірибесі (құпталады);

– жобаны көрсетілген мерзімде іске асыру мүмкіндігі.

6. Қаржыландыру көлемі мен шарттары

7. Рұқсат етілген қызмет түрлері

Жоба аясында келесі қызмет түрлері қаржыландырылуы мүмкін:

– заң және психологиялық көмек көрсету;

– тренингтер мен семинарлар өткізу;

– азаптау жағдайларын құжаттау;

– зерттеулер жүргізу және аналитикалық материалдар дайындау;

– сарапшыларды (заңгерлерді, психологтарды, тренерлерді) тарту.

8. Өтінімдерді бағалау критерийлері

Өтінімдер келесі критерийлер бойынша бағаланады:

1. Өзектілік

2. Тиімділік

3. Ықпал

4. Тұрақтылық

5. Ұйымдық әлеует

6. Қоғамдастықты тарту

9. Өтінімдерді тапсыру

Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

Өтінімдер орыс тілінде ұсынылуы тиіс.

📎 Өтінім нысандары мен ілеспе құжаттар (1–4 қосымшалар) келесі сілтеме бойынша жүктеуге қолжетімді:

https://drive.google.com/drive/folders/15ZpeqMVjpByRctDZjeibcu9q9ZaA1E7o?usp=sharing

Өтінімдер электрондық түрде келесі мекенжайға жолдануы тиіс:

Nurmukhanova.zhanar@gmail.com хат тақырыбында:

«Шағын гранттар конкурсы – [ұйым атауы]»

Толық емес немесе талаптарға сәйкес рәсімделмеген өтінімдер қабылданбауы мүмкін.

10. Өтінімдерді бағалау рәсімі

Өтінімдерді бағалау бірнеше кезеңнен тұрады:

1-кезең. Әкімшілік тексеру

Өтінімнің толықтығы, формальды талаптарға және қатысу критерийлеріне сәйкестігі тексеріледі.

2-кезең. Техникалық бағалау

Өтінімдер бекітілген бағалау матрицасына сәйкес тәуелсіз сарапшылармен бағаланады.

3-кезең. Қысқа тізімді қалыптастыру

Техникалық бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары ұпай жинаған өтінімдердің қысқа тізімі (shortlist) қалыптастырылады.

Тек shortlist құрамына енген өтінімдер келесі бағалау кезеңіне жіберіледі.

4-кезең. Ұйымдық әлеуетті бағалау

Shortlist құрамына енген өтініш берушілер үшін ұйымдық және қаржылық әлеуетке қосымша бағалау жүргізіледі (ұйымдық әлеуетті бағалау сауалнамасы негізінде).

5-кезең. Қорытынды шешім қабылдау

Гранттарды беру туралы түпкілікті шешімді барлық бағалау кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, конкурстық комиссия қабылдайды.

11. Негізгі қағидаттар

12. Мүдделер қақтығысы

Өтініш берушілер кез келген ықтимал мүдделер қақтығысы туралы хабарлауға міндетті.

Мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда өтінім қабылданбауы мүмкін.

13. Қорытынды ережелер

Өтінімдерді іріктеу техникалық талаптар мен күтілетін нәтижелерді ескере отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Қолдау көрсетілген жобалар азаптау құрбандарын қорғау жүйесін дамытуға, тергеулердің тиімділігін арттыруға және Қазақстандағы азаптаулардың алдын алу тетіктерін нығайтуға үлес қосады.

Ұйымдастырушы себептерін түсіндірместен барлық немесе гранттардың бір бөлігін бермеу құқығын өзіне қалдырады.

Қосымшалар:

1-қосымша. Өтінім нысаны

2-қосымша. Бюджет

3-қосымша. Бағалау матрицасы

4-қосымша. Ұйымдық әлеуетті бағалау сауалнамасы (сұраныс бойынша толтырылады)