Жарияланымдар

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арнайы бөлмелер дайындады

1 мин чтения

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұған дейін Республикалық адвокаттар алқасымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум талаптарын орындау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Меморандумның бір тармағында: «…Адвокат қорғауындағы адаммен құпия кездесулер мен әңгімелесулер өткізуге өтініш білдірген жағдайда, тергеу изоляторының әкімшілігі бейнетіркеу құралдарын қолданбайтын жеке бөлме береді…» делінген.

Республикалық адвокаттар алқасына келіп түскен, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Дархан Қанатбеков қол қойған хатқа сәйкес, қазіргі уақытта тергеу изоляторларында адвокаттардың қорғауындағы адамдармен «бейнетіркеудің техникалық құралдарын қолданбай» құпия кездесуіне арналған бөлмелер дайындалған. Бұл бөлмелер тергеу изоляторларында орын жеткіліксіз облыс орталықтарында да қарастырылған.

ДЕРЕККӨЗ:
http://advokatura.kz/kuis-podgotovil-pomeshheniya/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы