Майра Рысманованың ұлы Ербол Ахметов анасының қайтыс болғанын білгеннен кейін өз тамырын кескен. Жарақаттары жеңіл болғандықтан, жас жігітке медициналық көмек көрсетілген. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі растады. Ол ауруханаға жатудан және психологтың көмегінен бас тартқан. ҚАЖК осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын да хабарлады.
Еске салайық, 1968 жылы туған Майра Рысманова 6 желтоқсанда Бас прокуратураның жанында өзін өртегеннен кейін алған жарақаттарының салдарынан бүгін, 14 желтоқсанда, таңертең Астанадағы №1 қалалық ауруханада қайтыс болды. Әйел 1988 жылы туған ұлының сотталуымен келіспеген. Ұлы есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырылған (сату мақсатынсыз аса ірі мөлшерде — 3,5 грамм героин және 285 грамм гашиш сақтау).
Рысманованың осы мәселе жөніндегі өтініші 2016 жылғы 28 қарашада Бас прокуратураға түскен, алайда әйел Бас прокуратураның шешімін күтпестен көз жұмды. Баспасөз қызметі оның бұған дейін де Бас прокуратураға арызданғанын атап өтті.
ДЕРЕККӨЗ:
http://kazinfo.today/2016/12/14/36182/

