Ұлытау облысында Жезқазғандағы қатаң режимдегі №62 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдарды азаптады деген айыппен 11 күш құрылымы қызметкері сот алдында жауап береді, деп хабарлады Бас прокуратура.
Іс материалдарына сәйкес, кемсіту және қорқыту мақсатында 11 сотталған адамға зорлық-зомбылық көрсетілген. Бұл ретте айыпталушылар басшылыққа жәбірленушілердің өздеріне бағынбағанын айтқан.
Сотталушылардың жетеуі — мекеме қызметкерлері, қалғандары — Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері. Қазір олардың барлығы қызметтен шеттетілген.
«Қылмыстық іс 26 наурызда сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жариялауға болмайды», — делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Бұған дейін Құқық қорғау органдары академиясы полицияның қазіргі қызметкерлеріне де, құқық қорғау органдарына жұмысқа үміткерлерге де агрессияға бейімділікті міндетті түрде тексеруді ұсынған.
ДЕРЕККӨЗ:
Интернет-басылым Informburo.kz
Арман ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ
https://informburo.kz/novosti/za-pytki-v-kolonii-zezkazgana-budut-sudit-11-silovikov

