Үш адам төрт жылдан, тағы екеуі үш жылдан бас бостандығынан айырылды.
Атырауда қалалық полиция басқармасының бұрынғы бес жедел уәкілі азаптау жасағаны үшін сотталды. «Азаттық» радиосының хабарлауынша, олардың үшеуі төрт жылдан, қалған екеуі үш жылдан бас бостандығынан айырылды.
Азаптау туралы арызбен жергілікті тұрғын Руслан Қуанышқалиев жүгінген. Оның айтуынша, ақпан айында полицейлер оны үйінен күшпен алып кетіп, басқа адамға дене жарақатын салғанын мойындауды талап еткен. Іс материалдарына сәйкес, полицейлер мойындату үшін Қуанышқалиевтің басына пакет кигізіп тұншықтырған, ұрып-соққан және психологиялық қысым жасаған. Сот-медициналық сараптама Қуанышқалиевтің сол көзінің тұсында жарақат және дабыл жарғағының зақымданғанын анықтаған.
Сот Шыңғысхан Айтбаевты, Марат Жонбайды және Тимур Мажитовты азаптау жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Асланбек Төлеушов пен Ербол Сигуатов қатысқаны үшін әрқайсысы үш жылға сотталды.
ДЕРЕККӨЗ: https://vlast.kz/novosti/57718-pateryh-eks-policejskih-v-atyrau-osudili-za-pytki-zaderzannogo.html

