Жарияланымдар

Жыл сайын 600-ге жуық қазақстандық қатыгез қарым-қатынас туралы шағыммен көмек сұрайды

1 мин чтения

Оралда өткен семинарда прокурорлар, дәрігерлер мен заңгерлер азаматтарды азаптау және қатыгез қарым-қатынас фактілерін тиімді тергеу қағидаттарын талқылады.

Белгілі болғандай, жыл сайын осындай шағыммен құқық қорғау органдарына 600-ге дейін адам жүгінеді. Қатыгез қарым-қатынас іздерін мұқият тергеу және медициналық тұрғыдан құжаттау мәселелері әлі де өзекті. Тәуелсіз сарапшылар азаптауды дәлелдеудің халықаралық стандарттары туралы айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің құқықтарын қорғау мен келтірілген зиянды өтеу мәселелері талқыланды.

Мұндай қылмыстар үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекске 2002 жылы енгізілген.

БҚО прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Арман Кенжіғалиев:

— Бұл өте өзекті мәселе, өйткені азаптау қылмыстары көбіне жасырын қалады. Сандық көрсеткіштерді салыстырсақ, тіркелген істердің сотқа жолдану деңгейі өте төмен. Бұл көбіне бастапқы кезеңде, әсіресе медициналық құжаттау кезінде жіберілетін қателіктермен байланысты.

Астанадағы Ф. Эберт атындағы қор өкілдігінің басшысы Зауреш Шутова:

— Бүгінгі шараға қатысушылардың 85 пайызы — медицина мекемелерінің қызметкерлері. Олар азаптау іздерін қалай құжаттап, қалай куәландыру керегін білуі тиіс. Сонда бұл сотта салмақты дәлел бола алады.

Дереккөз:
http://24.kz/ru/news/social/item/149903-ezhegodno-s-zhalobami-na-zhestokoe

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы