Жарияланымдар

БҚО прокуратурасы сотталғандарды қар үстінде жалаңаяқ жүгіртеді ме, соны тексереді

1 мин чтения

Оралдағы РУ-170/2 колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушының анасының бейнеүндеуі бірнеше тексеруге себеп болды.

Тараз қаласының тұрғыны Әлима Көшекбаева бейнежазба түсіріп, ұлы жазасын өтеп жатқан Оралдағы түзеу колониясының қызметкерлеріне шағымданды.

«Әйелдің айтуынша, ұлын ұрып-соғып, қар үйіндісінің үстінде жалаңаяқ жүгіруге мәжбүрлейді. Ол ұлының өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрайды», — деп жазады басылым.

«Облыс прокурорының өкімімен үндеуде көрсетілген фактілерді тексеру тобы құрылды. Қазір ҚР ҚК-нің 146-бабы («Азаптау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», — деді облыс прокурорының көмекшісі Ғани Мыңтай.

БҚО қадағалау органы өкілдері жағдайды анықтауға уәде берді. Батыс Қазақстан прокуратурасының хабарлауынша, 1988 жылы туған Жеңіс Көшекбаев Таразда қарақшылық жасағаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған.

ДЕРЕККӨЗ:
https://informburo.kz/novosti/prokuratura-zko-proverit-zastavlyayut-li-osuzhdyonnyh-begat-bosikom-po-snegu.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы