Жарияланымдар

Павлодар колониясының қызметкерлері мен сотталғандары азаптауға күдікті

1 мин чтения

Сотталғандардың бірі мекемеде бас-ми жарақаты салдарынан қайтыс болды.

Павлодар колониясының үш қызметкері мен үш сотталған адамы жазасын өтеу үшін Павлодар облысына келген 26 сотталғанды азаптады деген күдікке ілінді. Кейін олардың біреуі қайтыс болған, деп хабарлады Павлодар облысы арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Әсет Саттыбаев.

Оның айтуынша, АП-162/3 Павлодар мекемесіне жеткізілген 26 сотталған адам түзеу мекемесінің жедел бөліміндегі үш қызметкер мен колония әкімшілігінің ерікті көмекшілері болған үш сотталған адамның қорлығына ұшыраған.

Сотталғандардың бірі — Саян Мұратбеков — бас-ми жарақатынан осы мекемеде қайтыс болды. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, колония қызметкерлері мен әкімшілік көмекшілерінің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігі («Азаптау»), сондай-ақ жәбірленушілердің бірінің өліміне әкелгені үшін осы баптың 3-бөлігі бойынша сараланып отыр.

«Мекеменің өзінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеру жүргізді, онға жуық адам жазаланды. Қазір тергеу аяқталып, іс сотқа жолдауға дайындалып жатыр», — деді прокурор.

Еске салайық, бұған дейін осы колонияның бірнеше қызметкері күдікке ілінген Қазақстанның дзюдодан бұрынғы чемпионын азаптады деген іс бойынша.

ДЕРЕККӨЗ:
http://www.zakon.kz/4848207-sotrudniki-i-zakljuchennye.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы