Жарияланымдар

Батыс Қазақстан прокурорлары пара алмайды

1 мин чтения
Business man take money offered by business woman

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының міндетін атқарушы Бейбіт Ірменов мәлімдеді.

— Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 21 құқық қорғау органы қызметкерін тергеп жатыр. Біздің ведомствода прокуратура қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер жоқ, — деді Бейбіт Ірменов редакцияның сауалына берген жауабында.

Құқық қорғау қызметкерлеріне ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы («Азаптау»), 190-бабы («Алаяқтық»), 433-бабы («Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру»), 361-бабы («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану»), 362-бабы («Билікті асыра пайдалану»), 366-бабы («Пара алу») және 416-бабы («Жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарындағы дәлелдемелерді бұрмалау») бойынша айып тағылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің уақытша басшысы қылмыстық істерге қатысты тегі, аты, әскери шені және істің мән-жайы жөніндегі мәліметтерді тек прокурордың рұқсатымен беруге келісті.

Ақмарал ШАЯХМЕТОВА

ДЕРЕККӨЗ:
«Уральская неделя» газеті
http://www.uralskweek.kz/2017/04/20/zapadno-kazaxstanskie-prokurory-vzyatok-ne-berut/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы