Алматы тұрғыны Серік Сәрсембаев заңсыз қылмыстық жауапқа тартылғаны үшін Қаржы министрлігінен 500 мың теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық сотқа сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, полицейлер алматылық азаматты аудандық ішкі істер бөлімінің жертөлесінде төрт тәулік ұстаған. Олар электр тогын, таяқ пен противогазды қолданып, оны соққыдан қаза тапқан азаматты ұрғанын мойындауға мәжбүрлеген.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде де оған қысым көрсетілгендіктен, ол берген жауабын өзгерте алмаған. Ақырында ер адам 8,5 жылға сотталды, бірақ кейін апелляциялық шағым түсірді.
Екінші сатыдағы сот айыптау үкімінің күшін жойды. Осыдан кейін 283 күн қамауда отырған Сәрсембаев босатылды.
Ер адам моральдық зиян үшін Қаржы министрлігінен 10 млн теңге өндіруді сұрап сотқа жүгінді. Талап арыз ішінара қанағаттандырылды: Сәрсембаевқа 500 мың теңге және сот шығындары үшін қосымша 15 мың теңге өтеледі.
ДЕРЕККӨЗ:
https://www.nur.kz/1488918-policeyskiy-pytal-almatinca-elektro.html

