Жарияланымдар

БҚО прокуратурасы сотталған азаматтың өлімін тергеп жатыр

1 мин чтения

Жас жігіттің өліміне ми абсцесі себеп болған, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылғы 31 мамырда сотталған Владислав Погодаев ауруханаға жатқызылғаннан кейін Орал қаласының көпсалалы ауруханасында қайтыс болған.

«Погодаевтың өліміне байланысты сол күні сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді БҚО прокуратурасы.

Марқұмның туыстары ол жазасын өтеген РУ-170/2 колониясының әкімшілігін салғырттық танытты деп айыптайды. Олардың пікірінше, оған медициналық көмек уақытында көрсетілмеген.

«Облыс прокуроры арнайы прокурорға Владиславтың анасы келтірген барлық уәжді, соның ішінде режимдік мекемеде көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын тексеруді тапсырды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

ДЕРЕККӨЗ:
http://newtimes.kz/obshchestvo/item/53423-prokuratura-rassleduet-smert-zaklyuchennogo-v-zko

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы