Жарияланымдар

БҚО-да ауыл тұрғынын ұрған учаскелік полицейге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

1 мин чтения

Успенов ауылдық округінің учаскелік полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды «Уральская неделя».

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департамент басшысы Мақсат Қожабаев мәлімдеді.

«Полиция капитаны, Успенов ауылдық округінің учаскелік қызметкері Самат Жаймағамбетовке қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», — деді Мақсат Қожабаев.

Еске салайық, ауылдық учаскелік полицей Самат Жаймағамбетов «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша қылмыс жасады деп айыпталған болатын. Қылмыстық іс 25 жастағы Эльдар Мұқашевтың арызы негізінде қозғалған. Оның айтуынша, полицей еш негізсіз оны күшпен ұстап, қалаға алып барып, ұрып-соғып, жол ортасына тастап кеткен.

ДЕРЕККӨЗ:
http://newtimes.kz/eshche/regiony/item/55494-v-zko-prekrashcheno-ugolovnoe-delo-v-otnoshenii-uchastkovogo-izbivshego-selchanina

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы