Полицейлер ер адамды қызметтік кабинетте азаптаған.
Апелляциялық сот Шығыс Қазақстан облысында ұсталған адамды азаптады деп кінәлі танылған полицейлерге шығарылған үкімді күшінде қалдырды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сот анықтағандай, криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері кешкі уақытта полиция бөлімшесіндегі қызметтік кабинетте ұсталған адамды ауыр дене жарақатын келтіргенін мойындату үшін азаптаған. Істі процестік прокурордың қатысуымен арнайы прокуратура тергеді.
Риддер қалалық соты аудандық полиция бөлімінің үш қызметкерін — Болатбеков, Бәкенбаев және Купановты — кінәлі деп танып, колонияда бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Болатбеков пен Бәкенбаев 3,5 жылға, Купанов үш жылға бас бостандығынан айырылды. Олар сондай-ақ үш жыл бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. Жазаны қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

