Жарияланымдар

Қорғалжын аудандық полиция бөлімінде әкімшілік қамауға алынғандар өрескел бұзушылықтар жағдайында ұсталады

1 мин чтения

Мониторинг нәтижесінде Ақмола облысындағы Ұлттық алдын алу тетігінің тобы Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімінде әкімшілік қамауға алынған азаматтарды ұстауға арналған үй-жайларда бірқатар заңбұзушылықты анықтады.

Әкімшілік қамаудағыларға арналған камералардың санитариялық-техникалық талаптарға сай келмейтіні, мәжбүрлі желдету мен табиғи жарықтың, судың және медициналық тексеруге арналған бөлменің жоқтығы атап өтілді. Мұндай жағдайлар қамаудағылардың құқықтарын өрескел бұзады және қатыгез қарым-қатынас ретінде бағалануы мүмкін.

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ұлттық алдын алу тетігі үйлестіру кеңесінің мүшесі Олжас Сыздықовтың пікірінше, бұл жүйелі мәселе әрі кешенді шешімді қажет етеді: «Әкімшілік айыппұлды құқық бұзғандардың бәрі бірдей төлей алмайтыны жасырын емес. Ал оларды адам төзгісіз жағдайда қамауда ұстау — қылмыс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске әкімшілік қамауға алынғандар үшін қоғамдық жұмыстар туралы норманы заң жүзінде қайтару және жалпыға ортақ стандарттарға сай келмейтін үй-жайларды сот тәртібімен жабу қажет».

Дереккөз:
https://kokshetau.asia/proisshestviya/21032-v-korgalzhynskom-rovd-administrativno-arestovannye-soderzhatsya-v-pomeshcheniyakh-s-grubejshimi-narusheniyami

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы