Үйлестіру кеңесінің мүшелері түзеу мекемелерінде арнайы құралдарды қолдану арқылы қатыгез қарым-қатынас жасау қаупінің жоғары екенін атап өтті.
Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бас бостандығынан айыру орындарындағы тінту іс-шараларына және этаппен жеткізілген сотталғандарды колонияларға қабылдау рәсіміне қатысатын болады. Мұндай шешім бүгін Ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесі отырысында қабылданды.
Бұл ретте кеңес мүшелері түзеу мекемелерінде арнайы құралдарды қолдана отырып, қатыгез қарым-қатынас жасау қаупінің жоғары екенін атап өтті. Мысал ретінде Алматы облысындағы пенитенциарлық мекемелер келтірілді.
«Үйлестіру кеңесінде, атап айтқанда, Бас прокурордың тапсырмасы бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері қаралды. Тексеру сотталғандарға қатыгез қарым-қатынас жасалғанын, мекеме қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында оларға қысым көрсетілгенін растады», — деп хабарлады ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің баспасөз қызметі. …
ДЕРЕККӨЗ: https://kursiv.kz/news/obschestvo/2018-10/v-kazakhstane-usilyat-borbu-s-pytkami-v-tyurmakh

