Оның пікірінше, бұл колониялардағы өлім-жітімді азайтар еді.
Ішкі істер министрлігі бір жылдан бері Денсаулық сақтау министрлігінен қылмыстық-атқару жүйесіндегі медициналық көмекті өз қарамағына алуды сұрап келеді, бірақ медицина қызметкерлері бұдан бас тартып отыр. Бұл туралы ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев жұма күні Сенаттағы үкімет сағатында айтты.
«Біз бір жылдан бері ҚАЖК мекемелеріндегі медициналық қызметті Денсаулық сақтау министрлігі көрсетсін деп сұрап жүрміз. Өйткені қылмыстық-атқару жүйесінде медициналық көмекке қол жеткізу өте қиын деп үнемі сынға аламыз. Бұл мәселені құқық қорғаушылар да жиі көтереді. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі әзірге ҚАЖК жүйесіне кіргісі келмейді», — деді Тұрғымбаев.
Ол ҚАЖК-ні Денсаулық сақтау министрлігі өз қарамағына алса, полиция үшін де «жақсы болар еді» деп атап өтті.
«Біз өлім-жітімді азайтар едік, бәлкім, біздің мекемелердегі аурушаңдықтың жиілігі де төмендер еді», — деді ол.

