Жарияланымдар

ҚАЖК Алматы тергеу изоляторында коронавирус тарады деген ақпаратқа түсініктеме берді

1 мин чтения
Тергеу изоляторында отырған жеті адам денсаулығының нашарлағанына шағымданған.

Алматыда ЖРВИ белгілері бар тергеу изоляторындағы күдіктілер коронавирусқа тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 маусымда Алматы тергеу изоляторында отырған жеті адам денсаулығы нашарлағанына шағымданды. Дереу жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Олар медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер тексеріп, қажетті көмек көрсетті. ЖРВИ белгілері бар тергеудегі адамдар мекеменің инфекциялық оқшаулау бөліміне орналастырылды. Барлығынан ПТР-тестке сынама алынды. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық», — деп хабарлады ҚАЖК.

Бұған дейін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековтің адвокаты Гүлнара Сүлейменова Facebook парақшасында қорғауындағы адамда коронавирус белгілері байқалғанын хабарлаған.

ДЕРЕККӨЗ: http://today.kz/news/proisshestviya/2020-06-08/799244-v-kuis-prokommentirovali-informatsiyu-o-vspyishke-koronavirusa-v-sizo-almatyi/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы