Сағат 09:15-те ұсталған А. Қабиев екі қабатты төсектің жоғарғы қабатынан басымен төмен секірген. Ол «оң жақ төбе және самай сүйектерінің бас сүйегінің түбіне дейін созылған сызықтық сынуы; миды қысқан оң жақ жедел эпидуралды гематома; мидың ауыр дәрежедегі соғылуы» диагнозымен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторында қамауға алынған адам көз жұмды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол төсектен құлап, басын жарақаттаған, деп хабарлайды Today.kz тілшісі «Мой ГОРОД» өңірлік порталына сілтеме жасап. Оқиға 23 тамыз күні таңертең болғанымен, бұл туралы енді ғана белгілі болды. — «Сағат 09:15-те ұсталған А. Қабиев екі қабатты төсектің жоғарғы қабатынан басымен төмен секірген. Ол «оң жақ төбе және самай сүйектерінің бас сүйегінің түбіне дейін созылған сызықтық сынуы; миды қысқан оң жақ жедел эпидуралды гематома; мидың ауыр дәрежедегі соғылуы» диагнозымен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. 23 тамызда сағат 23:00 шамасында А. Қабиев сол ауруханада қайтыс болды. Дерек Орал қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») бойынша тіркелді»,— деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. Қадағалау органы марқұмның ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша ұсталғанын атап өтті.

