Жарияланымдар

Павлодар колониясының үш қызметкері дзюдодан бұрынғы ел чемпионын өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деп айыпталуда

1 мин чтения

Павлодар колониясында дзюдодан Қазақстанның бұрынғы чемпионы Бақытжан Әбдікәрімовті өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу ісін бір ай ішінде сотқа жолдау жоспарланып отыр. Павлодар облысының прокуратурасы агенттікке істің бір ай ішінде «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы, мүмкін «Азаптау» бабы бойынша сотқа берілетінін хабарлаған. Іс бойынша Бақытжан жазасын өтеген АП 162/3 колониясының үш қызметкері күдікті ретінде танылған. Бұрынғы чемпион 2015 жылғы желтоқсанда Баянауыл тұрғындарына ауыр дене жарақатын келтіріп, олардың бірінің қаза табуына әкелгені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған. Жәбірленушілердің бірінің құлақтары да кесілгені айтылған. Бұған дейін Павлодар колониясында қаза тапқан дзюдошының ісіне қатысты прокуратураға қарсылық білдірілген. Былтыр ақпанда Бақытжан Әбдікәрімов барак терезелерінің астынан тамағы кесілген күйде табылған. Аты-жөнін айтпауды сұраған агенттік дереккөзінің айтуынша, ол бұған дейін бірнеше күн бойы қауіптеніп, дұрыс ұйықтай алмаған. Сотталған адам ауруханада есін жимастан көз жұмған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сот-медициналық сараптама қорытындысында марқұмның ішінің алдыңғы жағында 46, оң білегінде 14 және сол білегінде 76 беткі кесілген жарақат анықталғаны көрсетілген. Дереккөз:
http://pavon.kz/post/view/52241

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы