Жарияланымдар

Ақмола облысында ауыл әкімдігі ғимаратында азаптаған екі полицей сотталды

1 мин чтения

Ақмола облысында Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімінің екі қызметкері сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының баспасөз қызметі. «2016 жылғы маусымда Жарқайың ауданының Үшқарасу кентінде ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында полицейлер азаматты азаптап, оны екі қой ұрлағанын мойындауға мәжбүрлеген», — делінген хабарламада. Жарқайың аудандық сотының үкімімен учаскелік полиция инспекторы үш жылға, жедел уәкіл үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Олар адамдар тобы болып азаптау жасағаны үшін сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, арнайы прокурорлардың өндірісіндегі істердің үштен бірі азаптауға қатысты болған. Өткен жылы азаптау бойынша 223 іс тергелген. Оның 150-і сотқа дейінгі кезеңде ақтау негіздері бойынша тоқтатылып, 10 іс сотқа жіберілген. 10 наурызда Павлодар облысындағы АП 162/3 түзеу мекемесінің екі қызметкері дзюдодан бірнеше дүркін чемпион Бақытжан Әбдікәрімовті өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген күдікке ілінгені хабарланды.

ДЕРЕККӨЗ:
https://informburo.kz/novosti/dvuh-policeyskih-osudili-za-pytki-v-selskom-akimate-akmolinskoy-oblasti.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы