Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Азаптау, адамгершілікке жатпайтын және қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Дөңгелек үстелге Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы К. Имашев, судьялар Т. Экзеков пен Қ. Алашұлы, бас маман А. Диханов, аға сот приставы М. Жұмашов, сот отырысының хатшысы П. Балхабекқызы және «Нисса» гендерлік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г. Курбанова қатысты.
«Нисса» гендерлік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттерге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сұрақтарына Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын түсіндіре отырып, жан-жақты жауап берілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, құқық қолданудың бірыңғай тәжірибесін одан әрі жетілдіру үшін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі ортақ шараларды әзірледі.
http://krg.sud.kz/rus/news/v-specializirovannom-mezhrayonnom-administrativnom-sude-proveden-seminar-trening

