Ол қызметтік әрекетсіздік жасады деп айыпталып отыр. Іс 2015 жылы сотталған Наталья Слекишинаның зорлануына байланысты. Кейін әйел зорлаған адамның баласын дүниеге әкелген. Слекишинаны зорлағаны үшін изолятор бақылаушысы Руслан Хакимов сотталған еді. Әйел колонияның тағы үш қызметкерін жыныстық зорлық жасады деп айыптаған, бірақ олар сотта тек куә ретінде жауап берген. Тергеу изоляторының бұрынғы басшысы мекемеде жасалған қылмыс туралы біле тұра шара қабылдамаған деп айыпталуда. 18 шілдеде Омарбековтің адвокаты судья Айсара Жылқыбаеваны істен шеттетуді сұрады. Адвокат бұл судьяның Хакимов ісін де қарағанын айтып, бейтараптығына күмән келтірді. Сот судьяға қарсылық білдіру туралы өтінішті шешу үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Ермек Омарбеков маусымда ұсталған. Ол изоляторда сотталған әйелді зорлау дерегіне көз жұмды деген күдікке ілінген. Бұл оқиға туралы алғаш рет зорлау дерегі 2016 жылғы маусымда белгілі болғанда жарияланды. Наталья Слекишина қыз босанып, тергеу изоляторында ұсталған кезде топ болып зорлаудың салдарынан жүкті болғанын мәлімдеген. 2017 жылғы 3 ақпанда Наталья Слекишина бостандыққа шықты, өйткені сот бала тәрбиесіне байланысты жазасын өтеуді кейінге қалдырды. ДЕРЕККӨЗ:
https://informburo.kz/novosti/delo-ob-iznasilovanii-slekishinoy-nachalnika-sizo-sudyat-za-bezdeystvie.html