Жарияланымдар

Қостанай облысында емізулі ананы азаптағаны үшін сотталған полицейлер бостандыққа шықты

1 мин чтения

2016 жылдың соңы мен 2017 жылдары өткен бірқатар атышулы сот ісі мемлекеттік қызметшілердің біразына нақты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуымен аяқталған еді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, ауыр қылмыс үшін сотталғандар жазасының кемінде үштен бірін өтегеннен кейін белгілі бір шарттарды орындаса, жазаны жеңілдетуге үміттене алады, деп хабарлайды «Айна» басылымы.

Осылайша Арқалық қалалық соты Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімінің бұрынғы полицейлері Арман Төлегенов пен Нұрлан Сәрсенбаевтың жазасының өтелмеген бөлігін жеңілірек түріне ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды. Екеуі де режим талаптарын бұзбаған, екеуіне де материалдық талап қойылмаған. Ең бастысы, екеуі де жазасының үштен бірін өтеген. 2016 жылғы қарашада Қарабалық аудандық сотының үкімімен олардың бірі үш жылға, екіншісі үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған еді. Осы жайттарды ескеріп, Арқалық қалалық соты жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу түріндегі жеңілірек жазаға ауыстырды. Екеуі де пробация қызметіне тұрақты түрде тіркеліп тұруға, ойын-сауық орындарына бармауға және пробация қызметкерлерінің рұқсатынсыз ауданнан шықпауға міндетті.

ДЕРЕККӨЗ:
https://qostanay.tv/obshchestvo/osuzhdennye-za-pytki-kormyashchey-materi-policeyskie-iz-kostanayskoy-oblasti-uzhe-na

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы