Жарияланымдар

Жоғарғы сот полицейді жалған айыптады деп сотталған Шымкент тұрғынын ақтады

2 мин чтения

2016 жылы полиция қызметкеріне жала жапты деген айыппен сотталған Шымкент тұрғыны Болат Жұмаділов ақталды, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. 47 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы 2015 жылы есірткіні заңсыз сақтағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған. 2015 жылғы шілдеде Жұмаділов Шымкенттегі ИЧ-167/11 тергеу изоляторында сотқа дейінгі тергеу кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері тыйым салынған физикалық және психологиялық қысым тәсілдерін қолданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, басына полиэтилен пакет кигізіп, кінәсін мойындауға мәжбүрлеген. Нәтижесінде ол полицейдің есірткі сатқаны жөнінде жалған жауап берген. Тексеру бұл мәліметті растамағандықтан, полиция қызметкеріне қатысты тергеу қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. 2016 жылғы наурызда Шымкенттің Абай аудандық соты Жұмаділовті полицейге жала жапты деп кінәлі танып, бес жылдық жазасына жалпы режимдегі түзеу колониясында тағы үш ай бас бостандығынан айыруды қосқан. Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Бас прокурордың наразылығы бойынша істі қарады. Бірінші сатыдағы соттың қорытындылары іс жүзіндегі мән-жайларға сәйкес емес деп танылды. Алқа Жұмаділовтің азаптау туралы арызын көрінеу жалған сөз жеткізу деп бағалауға болмайды деп тапты, өйткені ол қылмыстық іс бойынша сотталушы мәртебесінде қорғану құқығына ие болған және осы тәсілмен өзін қорғауға құқылы еді. Сот алқасы Абай аудандық сотының үкімін жойып, қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты. Жұмаділов сотқа жүгініп, полицияның заңсыз әрекеттері келтірген зиянды өтете алады. ДЕРЕККӨЗ:
https://informburo.kz/novosti/verhovnyy-sud-opravdal-zhitelya-shymkenta-osuzhdyonnogo-za-ogovor-policeyskogo.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы