Жарияланымдар

Ақтөбеде мектеп оқушысын ұрған полицей сотталды

1 мин чтения

Іс материалдарына сәйкес, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Е. Саламат Ақтөбедегі №2 мектепте екі оқушыны кабинетке кіргізіп, мектеп формасын кимей келгені үшін сөккен, деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқушылардың бірі мұндай жағдайды қайталамайтынына уәде берген. Ал екінші оқушы полиция қызметкеріне олармен сөйлескенде балағат сөздер қолданғанын ескерткен.

Осы ескертуі үшін инспектор оқушыны қылғындырып, мойнынан қысып,ішінен бірнеше рет ұрған.

Сот талқылауы басталмай тұрып инспектор полициядан шығарылған. Ол билікті асыра пайдалану бойынша кінәсін толық мойындап, прокуратурамен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасқан.

Сот Е. Саламатты шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Сондай-ақ оны лейтенант атағынан айырды.

ДЕРЕККӨЗ: https://www.nur.kz/1777289-policejskij-bil-i-dusil-skolnika-v-aktobe.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы