Жарияланымдар

Шахтинск қаласында азаматты ұрған полицей 6,5 жылға сотталды

1 мин чтения

Шахтинск қалалық соты полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады.

Ер адам 1997 жылғы 16 шілдедегі редакциядағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 308-бабы 4-бөлігінің «а», «в» тармақтары бойынша айыпталды. Бұл бапта билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, яғни лауазымды тұлғаның өз құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен анық шығатын, азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін әрекеттерді, оның ішінде күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы, өзіне не басқа адамдарға пайда табу мақсатында жасау көзделген.

Іс материалдарына сәйкес, сотталған адам криминалдық полиция бөлімінің аумақтық тобының жедел уәкілі болып жұмыс істеген. Оқиға болған күні ол әріптестерімен бірге есірткі сатушының үйі маңында жүрген. Үйдің қасына ішінде екі ер адам отырған көлік тоқтағанда, полицейлер олардың бірін өз көлігіне күштеп отырғызып, 1000 АҚШ долларын бермейінше босатпайтындарын айтқан. Жәбірленушіні ұрып-соққан.

Ақша бермесе, сотталған қызметкер оған қылмыстық жауапқа тартамын деп қорқытқан.

«Сот К. есімді азаматқа мүлкін тәркілей отырып, жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және 6 жыл бойы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады», — деп хабарлады сот.

ДЕРЕККӨЗ:
http://www.caravan.kz/news/na-65-let-osuzhden-policejjskijj-v-shakhtinske-za-vymogatelstvo-385270/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы