Бұл кабинеттер полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне, оның ішінде психологиялық қысым мен азаптауға жол бермеу үшін орнатылды.
Жобаның негізгі мақсаты — қылмыстық процесті оңайлату және жеделдету, азаматтардың қорғалу деңгейін арттыру және олардың заңды құқықтарын қысқа мерзімде қалпына келтіру.
Жоба аясында Қызылорда прокуратурасының екі тәжірибелі қызметкері қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратында отырып, өндірісі аяқталған қылмыстық істерді 1–2 сағат ішінде зерделеп, сотқа жолдайды.
Жоба басталғалы қылмыстық теріс қылықтар туралы істер сотқа екі күн ішінде, ал онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер он күн ішінде жіберілуде. Бұрын мұндай істерді тергеу екі айға дейін созылатын.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 15 күн ішінде сотқа 25 қылмыстық іс жолданды.
Облыс прокурорының орынбасары Қайрат Бурыбаевтың айтуынша, жоба іске асырылғаннан бері тергеу сапасы артқан: күдіктілер мен жәбірленушілер прокурорға тікелей жүгініп, мәселелерін сол жерде шеше алады.
Өткен жылдың сәйкес үш айымен салыстырғанда азаматтар шағымдарының саны 1381-ден 1047-ге дейін, яғни 24,2 пайызға азайған.
Сонымен бірге, тергеу әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз ету және полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің, соның ішінде психологиялық қысым мен азаптаудың алдын алу үшін Қызылорда ішкі істер басқармасы ғимаратының үшінші қабатында бейнебақылау камераларымен жабдықталған шыны жауап алу кабинеттері орналастырылды.
Бұл шаралар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға және оларға қатысты заңсыз әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.
ДЕРЕККӨЗ:
Республикалық қоғамдық-саяси газет “Литер”
https://liter.kz/ru/news/show/31357-v_uvd_kyzylordy_ustanovleny_steklyannye_kabinety_dlya_doprosa

