Жарияланымдар

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтық белсендіні соққыға жыққан

2 мин чтения

Жанбол Рахматулланың мұрны 21 ақпанда сындырылған.

Құрылып жатқан Демократиялық партия жетекшілерінің бірі Жанболат Мамай әкімшілік қамауда отырған серіктесі Жанбол Рахматулланың соққыға жығылғанын хабарлады.

«Митингілер ісі бойынша әкімшілік қамауға алынған Жанбол Рахматулланы Қарасай аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері ұрып-соққан! Мұрны сынған, оған медициналық көмек көрсетілмей жатыр!» — деп жазды Мамай өзінің Facebook парақшасында.

«Власть» тілшісіне берген сұхбатында Мамай оқиғаның 21 ақпанда болғанын нақтылады.

«Оған медициналық көмек көрсетпеді, кезекші прокурорды шақырмады. Дулат Ағаділ қайтыс болғаннан кейін біз онымен (Рахматулламен) кездесуді талап еттік. Бүгін бауырын кіргізді, болған жайды содан кейін ғана білдік», — деді Мамай.

Қарасай аудандық полиция басқармасы «Власть» басылымына түсініктеме беруден бас тартып, Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінуді сұрады. Онда телефонға жауап бермеген соң, редакция жазбаша сауал жіберді.

Рахматулла Демократиялық партияның құрылтай съезі жоспарланған күннен бір күн бұрын, 21 ақпанда ұсталды. Съезге Атырау, Ақтау, Орал, Жаңаөзен, Қарағанды және басқа өңірлерден бара жатқан ондаған жақтаушының ұсталуына байланысты жиын іс жүзінде өтпей қалды. Мамай биліктің съезге кедергі жасағанын айтып, саяси қуғын-сүргінге қарсы митингіге жиналуға шақырды. 22 ақпанда полиция Демократиялық партияның ондаған белсендісін, соның ішінде Алматыға өңірлерден келген азаматтарды ұстады.

ДЕРЕККӨЗ:https://vlast.kz/novosti/37423-zanbolat-mamaj-soobsil-ob-izbienii-soratnika-po-dempartii.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы