Жарияланымдар

Қарағанды облысының зейнеткері полицейлерді өзін ұрып-соқты деп айыптады

2 мин чтения

Оқиға Сайлаубайдың пәтер жалдауынан басталған. Одан үйді келісілген мерзімнен бұрын босатуды сұраған, бірақ ақшасын қайтармаған. Кикілжің қарызға байланысты туған. Мүгедектігі бар ер адамның айтуынша, белгісіз адамдар оны қорқытып, ұрып-соққан.

Соққыға жығылғаннан кейін ол бірден Абай қаласының ішкі істер басқармасына арыз берген. «Тоғыз күннен кейін мені арызымды қайтарып алуға шақырды. Мені ұрған жігіт ашуға беріліп кетіпті деді, — деп әңгімелейді зейнеткер. — Мен бас тарттым».

Осыдан кейін, Сайлаубайдың айтуынша, тәртіп сақшылары оны қаланың жанындағы зиратқа алып кеткен. «Сол жерде қабырғамнан ұрып, кеудеме тапанша тақап қорқытты, — деп еске алады ол. — Тіпті басыма полиэтилен қап кигізді. Мені тұншықтырып, көміп тастаймыз деді. Мен өлімнен қорықпайтынымды айттым. Содан кейін мені бөлімшеде бес сағат ұстап, үйге жіберді де, үндемеуді, ешкімге ештеңе айтпауды ескертті», — деді ер адам.

Оның арызына Абай ауданы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ербатыр Асқаров түсініктеме берді. Оның айтуынша, шағымданушының өзі қылмыстық істерге күдікті ретінде қатысады.

«Сайлаубай Айқұмбаев біздің полиция бөлімінде екі іс бойынша өтеді: ұрлық және жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлау. Ол 102 нөміріне қоңырау шалып, осы туралы айтқан. Біз оны анықтап, өзіне қатысты екі қылмыстық іс қозғадық. Ұрып-соғу фактілері жоқ. Денесінде ешқандай жарақат жоқ. Оның үстіне, ол бұрын да полиция қызметкерлеріне шағымданған. Мұны жауапкершіліктен қашу үшін жасап отыр. Полиция қызметкерлері оған ешқандай психикалық та, физикалық та ықпал көрсеткен жоқ», — деп мәлімдеді Ербатыр Асқаров.

ДЕРЕККӨЗ:
https://tengrinews.kz/events/pensioner-karagandinskoy-oblasti-obvinil-politseyskih-305682/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы