Жарияланымдар

ҚАЖ комитеті тергеу изоляторындағы аштық жариялау туралы ақпаратты тексеруді бастады

2 мин чтения

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) ЛА-155/1 тергеу изоляторында төрт әйелдің, соның ішінде бір жүкті әйелдің аштық жариялағаны туралы ақпаратты тексеруді бастағанын мәлімдеді.

«2018 жылғы 9 қаңтарда Facebook желісіндегі Елена Семенованың парақшасында «ЛА-155/1 мекемесінде әйелдер төртінші күн аштық жариялап отыр, олардың арасында жүктілігінің алтыншы айындағы әйел де бар» деген ақпарат орналастырылды. Осыған байланысты ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті әлеуметтік желіде баяндалған мәліметтер бойынша тексеру басталғанын ресми түрде хабарлайды. Нәтижелері қосымша жарияланады. Сонымен қатар өтініш сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — делінген ҚАЖК хабарламасында.

Бүгін Facebook парақшасында Елена Семенова өзінің мәліметінше, «ЛА-155/1 мекемесінде (Алматыда орналасқан — V) әйелдер, соның ішінде жүктілігінің алтыншы айындағы әйел төртінші күн аштық жариялап отырғанын» жазды.

«Аштық жариялауға мекеме қызметкерлерінің әйелдерді қорлауы және оларға қатыгез қарауы себеп болды. Бір әйелді мекеме қызметкерлері ұрып-соққан. Кеше әйелдер қорлықтан шаршап, қызметкерлердің көзінше тікелей тергеу изоляторынан 115 нөміріне телефон шалды. … Түнде қызметкерлер бұрын өздері ұрып-соққан әйелді алып кеткен, содан бері оны көрмеген. Қазір не болып жатқаны белгісіз. Аштық жариялап, аузын тігіп алған ер адам да жоғалып кеткен, оның қайда екенін ешкім білмейді. Шұғыл шара қабылдаңыздар», — деп жазылған хабарламада.

Vласть интернет-журналы толығырақ мәлімет алу үшін ҚАЖК мен Алматы прокуратурасына ресми сұрау жолдады. Біз жақын арада жауап келеді деп үміттенеміз.

Данияр Молдабеков, Елизавета Цой

ДЕРЕККӨЗ:
https://vlast.kz/novosti/26358-v-kuis-nacali-proverku-informacii-o-golodovke-v-sizo.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы