26 маусым — Азаптау құрбандарын қолдаудың халықаралық күні. Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы азаптау салдарынан жақындарынан айырылған жандарға және азаптау туралы арыздарын тиімді тергете алмай өмірден өткен адамдардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады. Коалиция Қазақстан үкіметін азаптау жөніндегі барлық арыздар мен бас бостандығынан айыру орындарындағы өлім жағдайларын тексерудің тәуелсіз әрі тиімді механизмін мүмкіндігінше тезірек енгізуге шақырады. #notorture #26June #пыткамнет #26июня
Ринат Малыбеков
Алматының құрамына енген қала маңындағы Ақбұлақ кентінің тұрғыны Ринат Малыбеков 2016 жылғы 20 ақпанда ауруханада қайтыс болды. 6 ақпан күні кешке жігіт дүкенге шығып, үйіне оралмаған. Туыстары полицияға арыз берген. 8 ақпанда оны ауруханадан тапқан. Ринаттың айтуынша, жеке куәлігі болмағандықтан полиция оны тоқтатып, Алатау аудандық полиция бөліміне алып кеткен. Сол жерде үш қызметкер жертөледе оны, әсіресе іш тұсынан, ұрған. Ринаттың жұбайы Айнұр Есімбекова да күйеуін іздеп, осы полиция бөліміне барған. 7 ақпанда полиция Ринатты аудандық ауруханаға жеткізген. Палатадағы көршілері оның басынан кешкен оқиғасы туралы айтқанын бейнежазбаға түсірген. Дәрігерлер ішектің жарылуы мен перитонит диагнозын қойды. Оған ота жасалды, 14 ақпанда екінші операция жасалды, бірақ көмектеспеді. Марқұмның туыстарының арызы бойынша екі қылмыстық іс — Алатау аудандық ІІБ мен Алматы қалалық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасында — қозғалған, алайда қылмыс құрамы жоқ деген негізбен екеуі де жабылған. Полиция нұсқасына сәйкес, жігіт сол түні бөлімге өзі екі рет келген, екіншісінде соққы жеген күйде болған.
Толығырақ: https://bureau.kz/…/sobstve…/razlojenie_vnutrennikh_organov/
Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы Ринат Малыбековтің жұбайы Айнұр Есімбековаға және марқұмның барлық жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Коалиция Қазақстан үкіметінен азаптау фактілерін тергеп, Ринат Малыбековтің өліміне кінәлі адамдарды жауапқа тартуды талап етеді.


