Жарияланымдар

Алматы облысында сотталғандарды азаптағаны үшін колония басшылары қызметінен босатылды

Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 колониясында сотталғандарды азаптау оқиғасына байланысты мекеме басшылары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

1 мин чтения

Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 колониясында сотталғандарды азаптау оқиғасына байланысты мекеме басшылары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тергеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша тәртіптік комиссияның отырысын өткіздік. Алматы облысы бойынша ҚАЖ комитеті департаментінің 14 қызметкері жазаланды. Олардың жетеуі жұмыстан шығарылды. Оқиға болған ЛА-155/8 мекемесінің бастығы қызметінен босатылды. Оның екі орынбасары жұмыстан шығарылды», — деп мәлімдеді арнайы баспасөз мәслихатында.

Бейнежазба YouTube.com сайтында жарияланды. Оның авторы оқиғаны жасырын камераға түсірген.

Бұған дейін интернетте бейнежазба пайда болған еді. Кадрлардан колония қызметкерлерінің спортзал еденінде сотталғандардың бірін күшпен ұстап жатқанын көруге болады. Көрші бөлмеде форма киген үш қызметкер тағы бір адамды қолынан асып қойған. Олардың бірі оның басынан тізесімен ұрған. Бейнежазбада басқа сотталғандар мен күзетшілер де көрінеді. Бұған дейін Алматы маңындағы колонияда азаптау көрсетілген бейнежазбаны Ішкі істер министрлігі тексеретіні хабарланған.

«Интернетте Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/8 мекемесі (Заречный кенті) қызметкерлерінің және осы колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандардың заңсыз әрекеттері көрсетілген бейнежазбалар орналастырылды», — деп хабарлады ІІМ.

ДЕРЕККӨЗ:
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/iz-za-pyitok-zaklyuchennyih-uvolili-nachalnikov-kolonii-375130/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы