Жарияланымдар

Көкшетауда арнайы қабылдау орнына қамалған үш адам қайтыс болды

1 мин чтения

Көкшетауда әкімшілік қамауға алынғаннан кейін арнайы қабылдау-тарату орнына орналастырылған үш адам қайтыс болды, деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Әкімшілік қамауға алынған адамдардың улануына қатысты толық түсініктеме сараптама нәтижелері шыққаннан кейін беріледі. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 3-бөлігі (санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанымызды айта аламын», — деп хабарлады баспасөз қызметі сейсенбі күні.

Агенттік тілшісінің қаза болғандардың есірткіден уланғаны туралы ақпарат растала ма деген сұрағына Ақмола облысының полиция департаменті жауап «тек сараптамадан кейін» берілетінін айтты.

«Алайда менің білуімше, алкоголь мен есірткі анықталған жоқ», — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Бұған дейін анонимді Telegram арналарының бірі Көкшетаудағы арнайы қабылдау орнында алты ер адам уланғанын хабарлаған. Улануға есірткі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылған.

ДЕРЕККӨЗ: https://kaztag.kz/ru/news/troe-administrativno-arestovannykh-umerli-v-spetspriemnike-v-kokshetau

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы