Logo
Breaking the Vicious Circle A multi-faceted approach to combatting torture in Kazakhstan
Home / News / Round table "Improvement of forensic medical ex...
2025-04-28

Round table "Improvement of forensic medical examination in cases related to torture and its role in the criminal process"

News Image

2025 жылғы 29 сәуір күні сағат 10:00-де Алматы қаласындағы «Kazжол Алматы» қонақ үйінің конференц-залында «Қазақстандағы азаптауларға қарсы күрестегі көпқырлы тәсіл – тұйық шеңберді бұзу» жобасы аясында дөңгелек үстел өтеді. Бұл жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылып, Қазақстандағы адам құқықтарын ілгерілету мен азаптаулар практикасын жоюға бағытталған.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, адвокаттар қауымдастығының, адам құқықтарын қорғау ұйымдарының өкілдері мен сот-медициналық сараптаманы қылмыстық процестерде, соның ішінде азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынас істерін тергеу барысында қолданумен айналысатын сарапшылар қатысады.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар сот-медициналық сараптаманы қылмыстық процесте қолданудың негізгі аспектілерін, соның ішінде азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынасты тергеу контекстінде талқылайды. Негізгі назар аударатын тақырыптар:

           •          сараптамаға құқықтық және құқыққорғау тұрғысынан талдау;

           •          институционалдық және процессуалдық жетілдіру тетіктері;

           •          баламалы (мемлекеттік емес) сот сараптамасын дамыту;

           •          адам құқықтарын бұзу істерінде дәлел ретіндегі сараптаманың тәуелсіздігі мен қолданылуы.

Іс-шара азаптауларға қарсы күрес және адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғаушылар мен заңгерлер арасында кәсіби пікір алмасу алаңына айналады.

Барлық мүдделі тараптарды осы маңызды іс-шараға қатысып, Қазақстандағы азаптауларға қарсы күреске өз үлестерін қосуға шақырамыз.

БАҚ үшін байланыс: Жанар Нұрмұханова

nurmukhanova.zhanar@gmail.com, +7 777 358 57 53

Өтетін орны: Алматы қ., Гоголь көшесі, 127/1, «Kazжол Алматы» қонақ үйі, «Байқоңыр» конференц-залы, 9-қабат.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Талдықорған Адам Құқықтарын Қорғау Орталығы» Қоғамдық Бірлестігі, Қазақстандағы Адам Құқықтары мен Заңдылықты Сақтау жөніндегі Халықаралық Бюро, Penal Reform International (PRI) Орталық Азиядағы өкілдігі.