Ғылыми-тәжірибелік конференция «ӘДІЛДІК ЖОЛЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ АЗАПТАУЛАРҒА ҚАРСЫ»
Өтетін күні: 2025 жылғы 26 маусым
Өтетін орны: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 4, Radisson қонақ үйі, Сарыарқа 3 конференц-залы
2025 жылғы 26 маусымда, Азаптаулар құрбандарын қолдау халықаралық күніне орай, Астана қаласында «Әділдік жолындағы серіктестік: мемлекет және қоғам азаптауларға қарсы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Іс-шараның мақсаты – азаптауларды тиімді алдын алу, азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынас фактілерін әділ және бейтарап тергеп-тексеру, сондай-ақ жәбірленушілердің оңалту және өтемақы алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары және халықаралық серіктестер арасында тұрақты диалог пен ынтымақтастықты нығайту.
Конференцияға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, құқық қорғау үкіметтік емес ұйымдардың, адвокаттар мен медицина саласы өкілдерінің, сондай-ақ сарапшылар мен зерттеушілердің қатысуы жоспарланып отыр.
Бағдарламада үш тақырыптық секция қарастырылған:
1-секция. Азаптаулардың алдын алу
2-секция. Азаптауларды тиімді тергеу
3-секция. Азаптау құрбандарын оңалту және өтемақы беру
Қатысушылар өзара бірлескен іс-қимылдың өзекті мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылайды, ұлттық және халықаралық табысты тәжірибелермен бөліседі, сондай-ақ азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынасқа мемлекеттік және қоғамдық жауапты жақсартуға бағытталған ұсынымдар әзірлейді.
Конференция БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен (БҰҰ АҚЖКБ) серіктестікте ұйымдастырылып отыр.
Іс-шара Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстандағы азаптауларға қарсы күрестегі көпқырлы тәсіл – тұйық шеңберді бұзу» жобасы аясында өткізіледі.
Ұйымдастырушылар:
* Талдықорған адам құқықтарын қорғау орталығы
* Құқықтық саясат және адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро
* Penal Reform International (PRI) Орталық Азия өкілдігі
БАҚ үшін контактілері:
Жанар Нурмуханова
+7 777 358 57 53
Сіздерді қатысуға шақырамыз!