Logo
Қатыгез шеңберді бұзу Қазақстандағы азаптаумен күресудің көп қырлы тәсілі
Басты бет / Жаңалықтар / Шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау мер...
2026-06-01

Шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

News Image

Жоба аясында

«Қазақстандағы азаптаулармен күресудің көпқырлы тәсілі: тұйық шеңберді үзу»,

Еуропалық Одақ қаржыландыратын

 

2026 жылғы «21» мамырдағы конкурстық комиссия отырысының хаттамасы негізінде шағын гранттар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлаймыз.

Мерзімді ұзарту туралы шешім конкурстың ашықтығын, айқындығын қамтамасыз ету және азаматтық қоғам ұйымдарының қатысу аясын кеңейту мақсатында қабылданды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту

Өтінімдерді қабылдаудың жаңа мерзімі: 2026 жылғы 25 маусымды қоса алғанға дейін.

Басым бағыттар (лоттар)

1-лот.

Азаптау, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас құрбандарына құқықтық және психологиялық көмек көрсету.

2-лот.

Азаптау мен қатыгез қарым-қатынасты бастан өткерген тұлғаларға, соның ішінде жарақаттан кейінгі күйзеліс бұзылысы (PTSD) бар адамдарға психологиялық және психиатриялық көмек көрсету, сондай-ақ оларды оңалту әдістемелерін әзірлеу.

3-лот.

Ұлттық превентивтік механизм (ҰПМ) үшін тренерлерді оқыту, өңірлік тренерлерді даярлау және жабық мекемелерді мониторингтеу әлеуетін нығайту.

Өтінімдерді тапсыру

Өтінімдер электрондық түрде келесі мекенжай бойынша қабылданады: nurmukhanova.zhanar@gmail.com

Хат тақырыбы:

«Шағын гранттар конкурсы – [ұйым атауы]»

Құжаттар топтамасы мыналарды қамтуы тиіс:

  • толтырылған өтінім нысаны;
  • жоба бюджеті;
  • ұйымның тіркеу құжаттарының көшірмелері.

Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

Қосымша ақпарат

Бұрын тапсырылған өтінімдер конкурсқа қатысуын сақтайды және қайта тапсыруды талап етпейді.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады: nurmukhanova.zhanar@gmail.com