Жарияланымдар

Азаптау құрбандарына арналған жедел желі

1 мин чтения

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы төтенше жағдай кезеңінде азаптау мен қатыгездікпен қараудан зардап шеккен адамдарды, олардың туыстары мен жақындарын мұндай фактілер туралы хабарлау және құқықтық кеңес алу үшін 150 нөміріне қоңырау шалуға шақырады. Қазақстанның барлық өңіріндегі абоненттер үшін қоңырау шалу тегін.

150 нөмірін пайдалану Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының мүшесі — «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен жасалған келісімнің арқасында мүмкін болды.

Сондай-ақ байланысу үшін мына сайтты пайдалануға болады: https://telefon150.kz/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы