Жарияланымдар

Ақтауда әскери қызметші әріптестерін ұрғаны үшін шартты жазаға кесілді

1 мин чтения

Іс Ақтау гарнизонының әскери сотында қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, осы жылдың 22 ақпанында таңертең 2201«А» әскери бөлімі коменданттық ротасының тұрмыстық бөлмесінде қатардағы жауынгер шашылып жатқан заттарға ашуланып, екі әріптесін сапқа тұрғызған да, әрқайсысының кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған. Жәбірленушілердің бірінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

Ақтау гарнизоны әскери сотының үкімімен әлімжеттік жасаған сарбаз ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша (әскери қызметшілер арасында бағыныстылық қатынастары болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық қағидаларын бұзу) кінәлі деп танылды.

Оған төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы (шартты түрде соттау) негізінде жаза шартты түрде белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ДЕРЕККӨЗ:
lada.kz
https://www.lada.kz/aktau_news/incidents/48215-v-aktau-voennosluzhaschego-prigovorili-k-uslovnomu-sroku-za-izbienie-sosluzhivcev.html

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы