Жарияланымдар

Атырауда бұрынғы полиция қызметкерлері жігітті өзіне қол жұмсауға жеткізгені үшін 1 млн теңгеден астам өтемақы төлейді

1 мин чтения

Атырау қалалық соты 23 жастағы жігітті өзіне қол жұмсауға жеткізгені үшін бұрынғы екі полиция қызметкерінен моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алды.

Жәбірленушінің анасы сотқа талап арыз беріп, жауапкерлердің жалғыз ұлын өзіне қол жұмсауға жеткізгені үшін сот үкімімен кінәлі деп танылғанын негізге алды.

«Заңды күшіне енген сот үкімінде сотталғандардың — бұрынғы полиция қызметкерлерінің жәбірленуші М.-ны ұрып-соғып, қорлағаны, өздерімен ынтымақтасуға мәжбүрлегені анықталған. Соның бәріне төзе алмаған жәбірленуші өзіне қол жұмсаған», — делінген хабарламада.

Әйел кінәлі адамдардан моральдық зиянның өтемақысын өндіруді сұрады.

Атырау қалалық сотының шешімімен оның пайдасына 38 500 теңге материалдық зиян және әр жауапкерден 1 млн теңгеден моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

ДЕРЕККӨЗ:
http://newtimes.kz/obshchestvo/item/43591-bolee-1-mln-tenge-zaplatyat-eks-politsejskie-atyrau-za-dovedenie-parnya-do-samoubijstva

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы