КА 168/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адам мекеме қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданып, Ақтөбе облысының прокуратурасына арыз түсірді.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, арызданушының уәждері расталған. Арнайы прокурорлар басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
Тергеу барысында бақылау қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы мекеменің жедел уәкілімен және аға бақылаушымен бірге сотталған адамды тәртіптік изоляторға заңсыз орналастырып, қолына кісен салып, ұрып-соққаны анықталған.
Тергеу барысында мекеме қызметкерлерінің әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігі — «Азаптау» бойынша сараланды. Күдіктілердің бірі тергеу кезінде кінәсін мойындады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Авторы: Е. Устимович
Дереккөз:
http://24.kz/ru/vybor-redaktsii/item/180060-v-aktobe-pytali-zaklyuchennogo

