Жарияланымдар

Азаптау үшін бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды

1 мин чтения

Ақмола облысында жергілікті тұрғынның қалтасына есірткі салып жіберіп, кейін оны алты сағат бойы азаптаған бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды.

Оқиға 9 ақпанда Бестөбе кентінде болған. Полиция қызметкерлері отбасында жанжал шығарған ер адамды бөлімшеге жеткізген. Қылмыстарды ашу көрсеткішін жақсарту мақсатында жедел уәкіл Дарын Кеңесов пен учаскелік полиция қызметкерінің көмекшісі Ержас Жарқынбеков ұсталған адамның қалтасына гашиш салып жіберген. Ол ешқашан есірткі қолданбағанын айтып, наразылық білдірген, тіпті сақтық үшін сырт киімінің қалталарын жұлып тастаған. Ер адамды есірткіні алу туралы хаттамаға қол қоюға мәжбүрлеу үшін полицейлер оны ұра бастаған. Олар тіпті ер адамның тік ішегіне резеңке таяқ салған. Ауырсынудан есінен танған кезде оны сумен құйып есін жиғызған. Мойындатуға қол жеткізе алмаған полицейлер оны үйіне жіберген.

Сот 33 жастағы Дарын Кеңесов пен 25 жастағы Ержас Жарқынбековті азаптау жасағаны үшін кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ олар офицерлік шендерінен айырылып, үш жыл бойы мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылды.

ДЕРЕККӨЗ:
https://express-k.kz/news/femida/zastenki_plachai-110719

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы