Жарияланымдар

Прокуратура Семей колониясындағы азаптау фактісі бойынша тергеуді бастады

1 мин чтения

Семейдегі колонияда жазасын өтеп жатқан адамдардың бірінің бейнеүндеуін тексергеннен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы (азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды «Қазинформ» ХАА тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеп-тексеруді Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының арнайы прокуроры жүргізіп жатыр.

Еске салайық, өткен аптада әлеуметтік желілерде мекеме қызметкерлерінің қорлығына шыдамай, өз тамағын кесуге әрекеттенген сотталған адамның үндеуі тараған болатын.

Сонымен қатар Алматыдағы колонияда әйелдерді ұрып-соғу фактілері де тергеліп жатыр.

Бас прокуратураның «Қазинформның» ресми сұрауына берген жауабында бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды қорлаудың алдын алу шаралары туралы да айтылған. Өткен жылы азаптау жасағаны үшін ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 6 қызметкері, ал 2016 жылы 4 қызметкері сотталған.

ДЕРЕККӨЗ:
http://semeyainasy.kz/прокуратура-начала-расследование-по/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы