Қостанай облысындағы азаптау туралы қылмыстық істің тергеуі аяқталды.
Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Рудный өңірі бойынша ауданаралық бөлімі Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеп бітті, деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасы басқармасының бастығы Қайрат Жүсіпов.
Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аудандық полиция бөлімі басшысының екі орынбасары 20 жастағы әйелді сатып алмақ болғаны анықталған.
«Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, олар азаптау ісі бойынша сотта айғақтарын өзгертуі үшін жәбірленушіге 100 000 теңге беріп, параға сатып алуға тырысқан», — деді Қайрат Жүсіпов.
Қылмыстық іс қарау үшін Қарабалық аудандық сотына жолданды.
Еске салайық, бұған дейін Қарабалық ауданында екі полицей 20 жастағы бала емізетін ананы азаптағаны үшін сотталған. Сот оларды кінәлі деп тапқан. Біріншісіне үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, үш жылға мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазым атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ ол полиция аға лейтенанты арнаулы атағынан айырылды. Екіншісі үш жылға бас бостандығынан айырылып, үш жылға мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында лауазым атқару құқығынан және полиция майоры арнаулы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
ДЕРЕККӨЗ:
http://www.inform.kz/ru/delo-o-pytkah-zakryto-v-kostanayskoy-oblasti_a2992173

