Соңғы үш жылда Ішкі істер министрлігі мекемелерінде азаптаудың 53 дерегі тіркелген. Бұл туралы ІІМ-дегі брифингте Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы өкілдігі директорының орынбасары Жанна Назарова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Барлық тергеу изоляторлары мен мекемелерді есептегенде соңғы үш жылда азаптаудың 53 дерегі тіркелді. Оның 13-і қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, 33-і ішкі істер органдарында, тағы жетеуі басқа жағдайларда болған. Соның алтауында әкімшіліктің ерікті көмекшілері пайдаланылған. Яғни сотталғандардың өзін басқа сотталғандарға қарсы қолданған. Мұндай сотталғандар саны — алты», — деді Жанна Назарова.
ҚАЖК басшысы Дархан Қанатбеков колониялардағы азаптау туралы: «Бізде 82 мекеме бар, бәрін бірдей үнемі бақылау мүмкін емес. Мұндай деректер бойынша қатаң шаралар қабылдаймыз», — деді.
Бұған дейін YouTube платформасында Алматы облысындағы колониялардың бірінде жасалған азаптаудың бейнежазбасы тараған. Ішкі істер министрі колонияларды тексеруге уәде беріп, азаптауды қылмыстық-атқару жүйесінің масқарасы деп атаған.
ДЕРЕККӨЗ:
https://dknews.kz/inner-news.php?id_cat=15&id=10603

