Жарияланымдар

Қостанайдағы тергеу изоляторында ұсталған адам камерада қайтыс болды

1 мин чтения

35 жастағы Евгений Тугулевтің туыстары оның УК 161/1 мекемесіндегі камерада көз жұмуына зорлық әрекеттері себеп болуы мүмкін екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Марқұмның әпкесі Любовь Чиж былтыр мамырда бауыры ұрлық жасады деген күдікпен ұсталғанын айтты. Бірнеше күннен кейін оның тергеу изоляторында қамауда отырып қайтыс болғаны белгілі болған. «Қолымызда сот-медициналық сараптаманың құжаттары бар. Онда денесіне доғал затпен соққы тигені, зорлықпен өлтіру белгілері болғаны жазылған. (…) Істі бір жауып, бір қайта ашады, ал мұны өлім фактісінде зорлық белгілері жоқ деген уәжбен түсіндіреді», — деді Любовь Чиж. Оның айтуынша, Қостанайдың құқық қорғау органдары ер адамның өліміне қан ұйығының үзілуі себеп болғанын хабарлаған. «Тергеу кезінде қамауда ұсталған адам изолятор камерасында қайтыс болды. Ол он жылдан астам психиатрдың, екі жылдан астам наркологтың есебінде тұрған. Қылмыс құрамының болмауына байланысты өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды», — делінген редакция сұрауына ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ресми жауабында.

Толығырақ:
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/zaderjannyiy-skonchalsya-kamere-sledstvennogo-izolyatora-305170/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы