Жарияланымдар

Зауреш Изалдинаның ісі бойынша сотта айыпталушы Китебаев камерада азапталғанын мәлімдеді

2 мин чтения

26 қазанда Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Зауреш Изалдинаның ісі бойынша айыпталушылар жауап беруге тиіс еді. Алайда Болат Китебаев өзіне жасалған азаптау туралы арызы қаралып жатқандықтан, тергеуді тоқтата тұруды сұрады.

— Мен бұрын берген жауаптар заңсыз жолмен алынған, — деп түсіндірді ол. — Полиция қызметкерлерінің қысымымен өзімді де, басқаларды да жалған айыптадым. 25 ақпанда үш адамды өлтіргені үшін тергеу изоляторында отырған Павел Конев болмаған оқиғаны ойдан шығарды. УК-161/1 мекемесіне түскенде жазалау камерасына тап болғанымды түсіндім. Мені полиция қызметкерлері Соловьев пен Шауенов күн сайын ұратын. Олар мені жыныстық зорлықпен қорқытты, мен бәрінен бұрын содан қорықтым. Сондықтан полицияға қажет жауап беруге мәжбүр болдым. Мені Кодатенкомен кездестіріп, Изалдина мен Ғафаровқа қарсы қандай жауап беруіміз керегін айтты. Шауенов Коневтің жауабын растауды талап етті. Өзіме қатты қауіп төніп тұрғанын сездім. Сандыбаеваны пайда табу үшін өлтіруге еш себеп болған жоқ, бірақ оны өлтіргенімді мойындаймын.

Китебаев арнайы прокурорлар департаментіне арыз бергенін хабарлады.

Мемлекеттік айыптаушы бұл ақпаратты растап, Китебаевқа қатысты азаптау фактісі бойынша тексеру жүріп жатқанын айтты.

Судья Китебаевтан тергеу изоляторының медициналық бөліміне жүгінген-жүгінбегенін сұрағанда, айыпталушы оң жауап берді. Оның сөзінше, барлық соққы іздері тіркелген және олар жауап алу кезіндегі бейнежазбалардан көрінеді.

Судья өтінішхатты шешу үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

Оралған соң судья Китебаевтың өтінішхаты бойынша прокуратураға азаптау фактісін тексеруді жүктеп, нәтижесін 7 қарашаға дейін сотқа ұсынуды міндеттейтін қаулы шығарды.

Айыпталушы Руслан Ғафаров та полиция қызметкерлері қысым көрсеткені туралы өтінішхат берді.

— Мені полиция қызметкерлері Бут, Сұлтанов және Соловьев кезекпен шақыратын, — деді ол. — Ұрып-соғып, отбасыма қорқыту жасады. Әйелім Кобзева көрші камерада отыратынын, балаларымды балалар үйіне беретінін айтты. Камера алдында не айтуым керегін және сөзімді табиғи етіп жеткізуімді үйретті. Дұрыс айтқан кезде бас изейтін. Мен медициналық куәландырудан бас тарттым, өйткені жазалау камерасында отырдым және өзге қамаудағылардың жазалауынан қорықтым.

ДЕРЕККӨЗ:
«Наша газета»
http://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=28478

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы