Жарияланымдар

Бір рет айтқаннан түсінбейді

2 мин чтения

Қостанай облысында мектеп оқушысын оқу ісінің меңгерушісі ұрғаны туралы істің тергелуі созылып кетті. Мұны ақырында прокуратура да мойындады, бірақ екінші рет шағымданғаннан кейін ғана.

23 ақпанда басталған мектеп оқушысы Григорий Токаревтіңоқиғасы жалғасып жатыр. Қысқаша айтқанда, Қарабалық ауданы Бөрлі кентінің тұрғыны Ирина Токарева жергілікті мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісін «қатыгез қарым-қатынасқа байланысты тәрбиелеу міндеттерін орындамау» (ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі) бойынша сотқа тартуды талап еткен. Өйткені Григорийдің анасының айтуынша, педагог балағат сөздер айтып, кейін баланың бетінен, басынан және желкесінен ұрған (қараңыз: «Қарабалық ауданындағы мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал облыстық сотқа жетті»).

Осыдан кейін 2017 жылғы 3 мамырда қылмыстық іс қозғалды. 27 мамырда Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімінің анықтаушысы сот-психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарды.

16 маусымда жәбірленушінің адвокаты Р. Волочай сараптама тағайындау туралы және сотқа дейінгі тергеу мерзімін үзу туралы қаулыларды шағымдану мақсатында беруді сұрап өтініш білдірді. Алайда тергеу мерзімін үзу туралы қаулы сол күйі берілмеді.

Осы себеппен Құқық қорғау бюросының Қостанай филиалы заңгерлері Қостанай облысының прокурорына жүгінді. Шағым сапалы қаралуы тиіс екені атап көрсетіліп, ол Қарабалық ауданының прокурорына жолданды.

Бірақ заңгерлер аудан прокуроры қол қойған шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыны алғанда таңғалды. Аудан прокуратурасы іс бақылауда тұрғанын, тергеудің созылғаны туралы уәждер расталмағанын және шағым қанағаттандырылмайтынын мәлімдеген.

Алайда өтініштің барлық тармағы қаралмағанын айта кеткен жөн: сотқа дейінгі тергеу мерзімін үзу туралы қаулы берілмегені назардан тыс қалған.

Заңгерлер осы жерден тоқтап қалуы мүмкін бе еді? Әрине, жоқ. Олар бұл қаулыға облыстық прокуратураға шағымдануға шешім қабылдады.

2017 жылғы 10 тамызда облыстық прокуратураның тапсырмасымен Қарабалық аудандық прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу мерзімін үзу туралы заңсыз қаулының күшін жойды. Өйткені сотқа дейінгі тергеу органы қылмыстық-процестік заңнаманы бұзғаны жөніндегі уәждер расталды. Қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілді.

Облыстық прокуратура қылмыстық қудалау органының кінәлі лауазымды адамына қатысты тәртіптік іс жүргізуді бастады.

Адам Смит айтқандай: «Адамдарды әділдікті сүюге үйрету үшін оларға әділетсіздіктің салдарын көрсету керек».

ДЕРЕККӨЗ:
https://bureau.kz/novosti/sobstvennaya/s_odnogo_raza_ne_ponimayut/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы