Жарияланымдар

Алматыдағы трансгендер сотталушы полиция азаптағанын айтып шағымданды

1 мин чтения

Алматыдағы трансгендер сотталушы полиция тарапынан азаптау көргенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап. Атап айтқанда, Кәрімжан Берхожаев қылмыстық істі тергеуде заңсыз әдістер қолданылғанын мәлімдеді. Сот сотталушының уәждерін тексеруді тапсырды.

«Сотталушы Берхожаевтың арызы бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізу және процестік шешім қабылдау қажет екенін ескере отырып, сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 344-бабын басшылыққа алып, Алматы қаласының прокурорына 1990 жылғы 10 шілдеде туған, ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған сотталушы Кәрімжан Уәлижанұлы Берхожаевтың уәждерін тексеруді және олар бойынша процестік шешім қабылдауды жүктеді. Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған процестік шешім заңда белгіленген мерзімде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ұсынылсын», — делінген судьяның қаулысында.

Сотталушы Кәрімжан Берхожаев аса ірі мөлшерде бопсалады деп айыпталуда. Іс бойынша сотталушы да, жәбірленуші де жынысын өзгерткен адамдар. Алайда құжаттары бойынша тек жәбірленуші әйел болып саналады.

ДЕРЕККӨЗ:
https://tengrinews.kz/events/podsudimyiy-transgender-iz-almatyi-pojalovalsya-na-pyitki-307914/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы