Оқиғадан кейін директор тергеу жүріп жатқанын алға тартып, түсініктеме беруден бас тартқан.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі инспектордың оқушыны ұрғанын растады. Полицейге қатысты тексеру басталып, оның қорытындысы шыққанша қызметінен шеттетілді.

«Биылғы 22 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы №2 орта мектепте болған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесіне қарай шешім қабылданады. Алайда инспектордың электрошокер қолданғаны туралы дерек расталмағанын хабарлаймыз», — деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.