Жарияланымдар

«Арызымды қайтарып алуым үшін ақша ұсынды»: БҚО полицейінен азап көрген адам

2 мин чтения
Эльдар Мукашев

Эльдар Мұқашев өзінен учаскелік инспектор Самат Жалмағамбетовпен татуласып, полицияға берген арызын қайтарып алуды табанды түрде сұрап жүргенін айтты. Алайда полиция капитаны оған өзі келмеген. Эльдар Мұқашевтың айтуынша, Ақсай қаласының жол полициясының қызметкерлері жемқорлыққа қарсы полицияға берген арызын кері алуды сұрап, оған үш рет барған. «Бұл адамдардың аты-жөнін де, атағын да білемін, — дейді Эльдар Мұқашев. — Бірақ оларды жариялай алмаймын, өйткені такси жүргізушісімін, қала ішінде үнемі жүремін. Кейін мені тоқтатып, тиісіп, жұмыс істеуіме кедергі келтіреді деп қорқамын». Алғашында полицейлер әріптестерін босатқызу үшін 300 мың теңге ұсынған, бірақ бас тартқаннан кейін соманы 900 мың теңгеге көтерген. Сауданың ең жоғарғы шегі 1 миллион 200 мың теңгеге жеткен. Эльдардың райынан қайтпайтынын түсінген соң құқық қорғау қызметкерлері келісу әрекетін тоқтатып, орнына басқа адамдар келген. «Самат Жалмағамбетов екеуміздің ортақ таныстарымыз келіп, өтініп, үгіттеп, тағы да ақша ұсынды, — дейді Эльдар Мұқашев. — Асылбек есімді жігіт аяныш сезіміне әсер етпек болды. Бір апта бұрын біреуді ұрып қойғанын, егер мен арызды қайтарып алсам, учаскелік Жалмағамбетов оның жазадан құтылуына көмектесетінін айтты». Еске салайық, 25 жастағы такси жүргізушісі Эльдар Мұқашевты полиция қызметкері ұрған. Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. ДЕРЕККӨЗ: «Уральская неделя» газеті
http://www.uralskweek.kz/2017/05/19/mne-predlagayut-million-dvesti-chtoby-ya-zabral-zayavlenie-muzhchina-iz-zko-postradavshij-ot-pytok-policejskogo/

Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының материалы